31 қаң, 2020 сағат 07:00

Қытайда бір тәулікте коронавирустан тағы 43 адам ажал құшты

Қытайда өткен тәулікте 2019-nCov коронавирусының жаңа түрінен 43 адам қаза тауып, 1982 адам жұқтырған, – деп хабарлайды ҚХР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі мемлекеттік комитеті.

43 жағдайдың 42-сі жаңа титпті коронавирустың ошағына айналған Хубэй провинциясында (Уханда – 30 адам қайтыс болған) тіркелген. Хубэй провинциясынан бөлек тағы бір адам Ресеймен шекараласатын Хэйлунцзян провинциясында көз жұмған.

Соңғы дерек бойынша, Қытайда 9692 адам коронавирус жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 213 адам. 171 адам ауруханадан емделіп шықты. Қытайда 15 мыңнан астам адамның ауру белгілері коронавирусқа ұқсайды, алайда олардың диагноздары расталмаған. 100 мыңнан астам адам карантинде.