Сирия босқындары Иордания жерінде. 4 мамыр 2016 жыл. (Көрнекі сурет)
АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядан босқын қабылдауды «тиісті шешім қабылданғанға» дейін тоқтата тұру туралы жарлыққа қол қойды. Бұған қоса, құжатта босқындарға қатысты қолданыстағы ережелердің тиімділігін анықтағанға шейін АҚШ жалпы босқын қабылдауды 120 күнге тоқтатыны айтылған.
"АҚШ-ты радикалды исламшылдардан қорғау үшін жаңа шаралар қабылдадым. Біз олардың осында пайда болғанын қаламаймыз" деген Трамп жұма күні Пентагонда болған кезде.
Сонымен бірге АҚШ 2017 жылы 50 мыңға дейін босқын қабылдауды жоспарлап отыр және босқын мәртебесін берген кезде діни себептер бойынша қуғын көргендерге басымдылық берілетіні хабарланды.
"Біз елімізді қолдайтын және халқымызды сүйетіндердің ғана келгенін қалаймыз" деп мәлімдеген Трамп.
Жарлықта Сириядан басқа елдер аталмаған. Бұған дейін AP және Reuters агенттіктері Ақ үй әкімшілігінің уақытша шектеуі Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан мен Йеменнен барған босқындарға қатысты деп хабарлаған еді.