27 қаз, 2021 сағат 18:10

Жамбыл облысында жаппай төбелестен 2 адам көз жұмды, біреуі – ауруханада


Жамбыл облысында бірлесіп ішкен ішімдік салдары қайғылы жағдайға әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шу қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде 5 азаматтың бірлесіп ішімдік ішу отырысының соңы төбелеске ұласқан.

Пышақ жарақаттары салдарынан 2 адам қаза болып, тағы 1 адам Шу қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. 

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жергілікті екі тұрғын анықталып, ұсталды», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.

Полиция мәліметінше, ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды.