Фото: Ашық дереккөз
Атырауда ата-енесін және әйелі туыстарын өлтірді деген күдікпен ұсталған
Сұлтан Сәрсемалиев сот санкциясымен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қалалық мамандандырылған тергеу сотының шешімі бойынша, қазір күдікті
тергеу изоляторында отыр. Оған ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі («Екі немесе одан көп
адамды өлтіру») және 188-бап («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаңтар айында ерлі-зайыптының денесі
Жангелдин ауылындағы үй ауласынан табылған. Күдіктінің айтуынша, балалардыңмәйіттері де белгілі орындардан алынған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қылмыстың толық мән-жайын тергеп
жатыр.
Көз жұмған отбасының аман қалған жалғыз мүшесі – күдіктің әйелі Ақбаян
Мұқанғалиева психикалық орталыққа жатқызылған.
