Фото: Ашық дереккөзден
Қазгидрометтің болжауы бойынша алдағы күндері Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күндізгі ауа температурасының одан әрі көтерілуі күтіледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.
Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+15°С-қа дейін, оңтүстікте +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде +3…+8°С шамасында болады.
