«Слуга народа» фракциясының жетекшісі және Украина делегациясының басшысы қандай жағдайда Ресеймен келісімге келуге болатынын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі "Украинская правда" басылымына сілтеме жасап.
Давид Арахимия Украинаға Батыстан келіп жатқан қару-жарақтың екі ел арасындағы келіссөзге әсер етіп жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, Киевтің позициясын күшейту үшін әскери-гуманитарлық көмек керек.
"Біз Батыстан келетін қару-жарақты қабылдауға дайынбыз. Содан кейін Ресеймен келіссөздің жаңа кезеңін бастай аламыз", - деді Арахимия.