Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің солтүстік, батыс, шығыс
және орталық өңірлеріндегі ірі су қоймаларынан тасқын суын қауіпсіз өткізу үшін
су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.
17 наурыздағы жағдай бойынша:
Ақмола облысы: Сілеті су қоймасынан секундына 1,74 м³, Шағалалыдан 2,31 м³ су жіберілуде.
Ақтөбе облысы: Ақтөбе су қоймасынан 1 м³/с, Қарғалыдан 0,3 м³/с. Екі нысан қазіргі уақытта орта есеппен 36%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысы: Бұқтырмадан 447 м³/с, Өскеменнен 419 м³/с су жіберілуде.
Абай облысы: Шүлбі су қоймасынан 651 м³/с.
Батыс Қазақстан облысы: Кировдан 5 м³/с, Бітікден 14 м³/с, Дөңгелек пен Пятимардан 2 м³/с-тан.
Қарағанды облысы: Ынтымақ пен Самарқандтан 3 м³/с-тан.
Қостанай облысы: Жоғарғы Тобылдан 1,1 м³/с, Қаратомардан 3 м³/с.
Солтүстік Қазақстан облысы: Сергеевтен 6,7 м³/с, Петропавлдан 13,9 м³/с.
Министрлік айта кеткендей, елімізде 42 жаңа су қоймасы салынады, бұл тасқын
қауіпін азайтуға қосымша мүмкіндік береді.
