Наурыздың 20-24 аралығында 200-ден астам көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, мерекелік демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қарлы, кей жерлерде жауын-шашын мол көлемде түсті. Күн райына байланысты жолда қалып қойған көлік жүргізушілеріне бірінші болып жол саласының қызметкерлері көмекке келді.
«Осылайша, наурыздың 20-сы мен 24-і аралығында 200-ден астам көлік құралы қар құрсауынан шығарылды. Соның 65-і жылы бокстерге жайғастырылды. Ал 320 адам «Қазақавтожол» ЖШС жылыту пункттеріне орналастырылды»,-делінген хабарламада.