Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Самұрық-Қазына" қорының биылғы төрт айда атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде есеп берілді.
Президентке қордың өндірістік, қаржылық көрсеткіштері мен осы жылға арналған болжамдары туралы баяндалды. Берілген мәліметтерге сәйкес "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамы қазіргі уақытта жоспарланған нәтижеге қол жеткізген.
Алмасадам Сәтқалиев Мемлекет басшысына маңызды инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы, ірі инфрақұрылымдық нысандарға жүргізілген жөндеу жұмыстары, сондай-ақ Қорға қарасты портфельді компаниялардың IPO-ға дайындығы жөнінде баяндады.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
781 рет оқылды