09 мау, 2022 сағат 20:44

Тоқаев Glencore компаниясының бас директорын қабылдады


Қасым-Жомарт Тоқаев Glencore компаниясының бас директорын қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев шикізат тауарларының саудасы бойынша әлемдегі ірі кәсіпорындардың бірі, Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесу өткізді.

Кездесуде экономиканы көміртегінен арылтудың өзекті мәселелері, компанияның Қазақстан тау-кен-металлургия және энергетика салаларындағы жұмысының жекелеген аспектілері талқыланды.

Мемлекет басшысы экологиялық нормаларды сақтаудың, өндіріске озық технологияларды енгізудің маңызды екеніне баса мән берді.

Бас директор Гэри Нейгл  Президентке Glencore компаниясының Қазақстандағы жұмысының нәтижелері мен алдағы жоспары туралы айтты.