29 сәу, 2024 сағат 11:00

Танымал заңгер Бишімбаев ісі бойынша соттағы прокурорлардың қызметін сынға алды



Заңгер Жохар Өтебеков әйелін аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сотта прокуратура қызметін сынады. Оның айтуынша, прокуратура дәлел бола тұра, жеткілікті түрде айыптау актісін ұсына алмай отыр, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Stan.kz -ке сілтеме жасап.


29 сәуірде жарыссөз басталады. Өтебеков Астана қалалық прокуратурасы әлі айыптау қорытындысын толықтырмағанын айтты.


“Заңгерлер прокуратураның айыптау қорытындысында кісі өлтірудің ерекше қатігездігін сипаттағанына наразылықтарын бірнеше рет жеткізді. Жоғарғы Сот шын мәнінде айыптау қорытындысында соққыларды сипаттау жеткіліксіз екенін айтады. Олардың ұзақтығы мен садизмін ашық сипаттау керек.
Бишімбаевтың телефонындағы видеолар айыптау актісін толықтырды. Бірақ прокуратура оған да мән бермей отыр”, – деді ол.


Ол Бишімбаевтың қатігездікпен қылмыс жасағанын дәлелдейтін төрт нәрсені көрсетті.


1. Бишімбаев Салтанатты бір сағаттан астам өлтірді. Фойедегі шабуыл – 07:16. Телефондағы соңғы видео –  08:24.
2. Бишімбаевтың Салтанатты жантүршігерліктей азаптағаны мәлім болды. 
3. Айыпталушы әйелінің киімін жыртып тастаған. Жалаңаш кезде біз өзімізді қорғансыз сезінеміз. Ал Бишімбаев Салтанатты осылай сағаттап мазақ етті.
4. Жәбірленуші қиналып мерт болды. Бірақ Бишімбаев көмектеспеді.


Оның айтуынша, мұның бәрі аса қатігездікті білдіреді.


“Осындай жаңа фактілер бойынша мемлекеттік айыптаушы 100% жағдайда жаңа айыптау актісін жасайды. Алқабилер сотында бұл маңызды!  Өйткені сот отырысының соңында судья алқабилерге сұрақ қағазын береді. Бұл сұрақтар айыптау қорытындысының аясында болады. 
Егер прокурорлар оны айтпаса, алқалбилер қалай жауап береді? Судья кенеттен оларға осындай сұрақтар қоятын болса, онда үкімнің күші жойылады. Сондықтан прокуратура айыптау актісін толықтыруға, кісі өлтірудің жаңа уақытын және ерекше қатыгездікті сипаттауға міндетті”, – деді Өтебеков. 


Сөзінше,  егер сот барысында дәлелді айқындайтындай нәрсе пайда болса, судья істі қарауды кейінге қалдырып, прокурорға уақыт беруі керек.