30 сәу, 2024 сағат 20:34

Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот үкімі шықты


Күштібаев Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы бола тұра, полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған. 

Айыптар дәлелденіп, Күштібаевқа қатысты 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. 

Қылмыстық кодекстің 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталушы "полиция полковнигі" арнайы атағынан айырылды.