Фото: видео скриншот
Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов экс-министр әйелін қасақана өлтірмегені туралы дәлел келтіруде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда Ғазымжановтың сөзін судья Айжан Құлбаева тоқтатты.
"Сот сізге үш рет ескерту жасады, бірақ соған қарамастан сіз этикаға сай емес мәлімдемелерге жол бердіңіз. Енді моральға немесе этикаға сай емес мәлімдеме жасайтын болсаңыз, қорғаушы, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормасына тағы да жол берсеңіз, сот сізге тиісінше шара қолдануға мәжбүр болады", - деді судья Айжан Құлбаева.
Содан кейін судья қорғаушыға сөзін әрі қарай жалғастыруға рұқсат берді.