Фото: Ашық дереккөзден
2024 жылдың 12 мамырында Шымкентте қайғылы оқиға орын алып, 11 сынып оқушысы өз үйінде өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" Отырарға сілтеме жасап.
Қаланың білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған оқушы белсенділігімен ерекшеленіп, сабағын жақсы оқыған. Есепке тіркелмеген және оқу орны әкімшілігінің айтуынша сыныптастарымен де ешқандай қақтығыс болмаған.
Осы оқиғаға байланысты құзыретті органдардың өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Сондай-ақ аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды және себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.