Фото: depositphotos.com
Шығыс Қазақстан облысында прокуратура инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген тексеру нәтижесінде үш компанияның заңсыз жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Құқық бұзушылықтар Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен жойылды, деп хабарлайды Ult.kz.
Жалпы инвестициялық жобалардың көлемі 8,4 миллиард теңгені құрап, 117 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
Тексеру барысында «Зайсан құрылыс компаниясы» ЖШС есептілікті ұсыну тәртібін бұзғаны үшін негізсіз әкімшілік жауапқа тартылғаны белгілі болды. Сондай-ақ «Ертіс» ЖШС мен «Altyn Shygys» ЖШС-ке фитосанитарлық талаптарды сақтамады деген негізбен айыппұл салынған.
Алайда Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, инвестициялық жобаларға қатысты әкімшілік іс қозғау тек прокурор келісімімен жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талап аталған жағдайларда сақталмаған.
Прокуратураның наразылығы нәтижесінде заңсыз шығарылған қаулылар толықтай жойылды. Құқық бұзушылыққа жол берген үш лауазымды тұлға жалпы сомасы 648 мың теңге айыппұл арқалады.
Қадағалаушы орган мұндай фактілердің алдағы уақытта қайталанбауы үшін бақылау күшейтілетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде заңсыз пәтер таратқан шенеунік 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
