Алматыдағы жанкүйерлерімен жүздесуді жоспарлаған Елена Рыбакина сырқаттануына байланысты кездесуге бара алмайтын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Теннис федерациясының ресми өкілі Павел Цыбулин мәлімдеді.
Өкінішке қарай, «Уимблдон - 2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаның қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалды. Сол себептен ол Алматыға жанкүйерлермен кездесуге бара алмайды. Біздің теннисист Алматыда журналистермен және жас теннисшілермен кездесуді жоспарлаған болатын.
Еленаға тез сауығып кетуін тілейміз! Сондай-ақ Еленамен кездесуді асыға күткен жанкүйерлерден кешірім сұраймыз, – деді ол.
Айта кетсек, бұдан бұрын Елена Рыбакина Умбилдондағы жеңісі үшін берілген 2 млн фунт стерлингті (шамамен 1,1 млрд теңге) қалай жұмсайтынын айтқан.
Сондай-ақ, теннисші өзін «дайын өнім» деп атаған ресейлік теннисші Евгений Кафельниковтың сөзіне жауап берді.