Фото: kazgazeta.kz
Биыл 30 тамызда Қазақстандықтар демала ма? Бұл сұраққа Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай жауап берді, деп хабарлайды Ult.kz.
“Ендігі жоқ. Себебі Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, күшіне енгеннен кейін 15 наурыз ресми түрде Қазақстанның Конституция күні болып бекітілді, сондықтан 30 тамызда Қазақстандықтар мерекеге орай демалмайды”, – деді Виктория Шегай.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда Конституция күні – 30 тамыз атап өтіліп келген. 1995 жылы осы күні Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданған. Алайда еске салсақ, биыл 15 тамызда бүкілхалықтық референдум өтіп, еліміздің жаңа Конституциясын қабылдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы күнді Қазақстан Республикасының Конституция күні деп жариялаған болатын.
