Батыс елдері Киевті алыс қашықтыққа соққы беретін зымырандармен қамтамасыз ететін болса, Ресей Украинадағы "бұрын соққы берілмеген нысандарға" шабуыл жасамақ. Владимир Путин "Россия-1" телеарнасына берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сұхбат 5 маусымда жарияланды. Алайда Ресей басшысы Украинаның қай аймақтарына соққы берілетінін нақты айтқан жоқ.
Путиннің сөзінше, АҚШ-тың Украинаға беріп жатқан қару-жарақтары ештеңе өзгертпейді, керісінше, соғысты одан сайын ұзартып жібереді.
Айта кетейік, өткен аптада АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон HIMARS жоғары мобилді артиллериялық зымыран жүйесін Украинаға беретінін мәлімдеген. Алайда украин билігі бұл құралды Ресей аймағына соққы беру үшін қолданбаймыз деп уәде берген.