Кеше Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Египет, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді, – деп хабарлайдыСанитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
1 458 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 199 адам, анықтамасыз 259 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 770 жолаушы, анықтамамен - 713, анықтамасыз - 57;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 517 жолаушы, анықтамамен - 321; анықтамасыз - 196;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 96 жолаушы, анықтамамен - 91; анықтамасыз - 5;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 75 жолаушы, анықтамамен - 74; анықтамасыз - 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2020 жылдың 22 желтоқсанында анықтамасыз келген барлық 149 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.