06 мау, 2022 сағат 19:49

Президент мемлекет қайраткері Қайырбек Сүлейменовті қабылдады


Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қайраткері және ішкі істер органдарының ардагері Қайырбек Сүлейменовті қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесуде Қайырбек Сүлейменов елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру аясында құқық қорғау жүйесі мен азаматтық қоғамды одан әрі дамытудың келешегі туралы ой-пікірін айтты.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.