23 қыр, 2019 сағат 11:10

Нығматулин ресейлік әріптесімен кездесті

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин мен Ресей Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар парламентаралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ, ертең Нұр-Сұлтанда басталатын Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Тараптар екі мемлекет басшылары өзара түсіністік және достық қатынастарына негізделген бірлескен жұмыс нәтижесінде, елдеріміз ынтымақтастықтың жоғары деңгейге қол жеткізгенін атап өтті. Осы ретте В. Володин Қазақстаннның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресеймен қатынасты нығайтудағы және еуразиялық ынтымақтастықты кеңейтудегі зор рөліне тоқталды.

Н. Нығматулин мен Володин парламентаралық ықпалдастықтың да жоғары деңгейін атап өтті.

«Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесі жоспарларын талқылай келіп, барлық шаралар қатысушы елдерге жан-жақты тиімді және пайдалы пікір алмасуға мүмкіндік беретініне тоқталды. Мәжіліс төрағасы атап өткендей, аталған беделді форумды өткізу біздің елдеріміздің парламентаралық қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенінің нақты көрсеткіші.

Қазақстанда алғаш рет өткелі отырған беделді форумға 65 елдің өкілдері мен 14 халықаралық ұйым мүшелері келді.