11 мам, 2021 сағат 15:54

Минниханов мектептегі атысқа қатысты мәлімдеме жасады


Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазан қаласындағы мектепте болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол жеті 8 сынып оқушысы атыс салдарынан қаза тапқанын және тағы 16 адам ауруханаға жатқызылғанын растады.

Кейін Татарстан басшысының баспасөз қызметі өкілдері жеті оқушыдан басқа бір мұғалім мен бір қызметкер қайтыс болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, 20-дан аса адамның зардап шеккені туралы мәлімет бар.


Миннихановтың айтуынша, Қазан мектебінде атыс шағарған адамның бірі - 19 жаста. 

"Террорист қамауға алынды. 19 жаста. Оған ресми түрде қару тіркелген", - деді Минниханов.

Ал екінші күдіктіні арнайы операция кезінде атып тастаған. 

Республика басшысы мектепке, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты.

Соңғы деректер бойынша, атыс салдарынан 9 адам қаза тапқан. Қазіргі уақытта ақпарат толық расталмаған.

Айта кетейік, бұған дейін Татарстан астанасында белгісіз біреулер Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда атыс шығарғаны хабарланған еді. Кейін куәгерлер түсірген суреттер мен видео желіде жарияланды.