20 ақп, 2023 сағат 13:33

Министрлік Вадим Борейконың операторына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: t.me/@Вадим Борейко

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Алматыда оператордың екі бірдей көлігінің өртенуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кеше түнде журналист Вадим Борейконың әріптесіне қатысты болған оқиға бойынша мынаны мәлімдейді. 

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жасап, тиісті сараптама тағайындады. Мәселенің мән-жайы нақтыланып жатыр.

ҚР АҚДМ журналистік қызметке кедергі келтіруге жол бермейді және барлық қажетті көмекті көрсетеді" - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, белгілі журналист Вадим Борейко белгісіз біреулер өзімен бірге жұмыс істейтін оператордың екі көлігін жарып жібергенін хабарлаған еді.