17 нау, 2026 сағат 14:15

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

 

Фото: gov.kz


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүфтияттың ресми сайтында Қазақстан бойынша Айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Ult.kz.

 

"Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынады", - делінген хабарламада.



Айта кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 29 күнге созылды. Ораза 19 ақпанда басталды және 19 наурызда аяқталады.