24 сәу, 2024 сағат 14:22

«Мені өлтіретінін айтты»: Бишімбаевтың отбасы көріпкелге қысым жасады ма?


Фото: Жоғарғы сот


Жауап алу кезінде зардап шеккен тараптың өкілі куәгерден Бишімбаевтар отбасы қайғылы түннен кейін қандай да бір қысым көрсетті ме, жоқ па деген сұрақ қойды. 


Адвокат Жанна Уразбахова куәгерден "Сізді сотта куәлік бермеу немесе сөйлемеуіңізді сұрады ма? деген сауал қойды.


"Маған кім қоңырау шалғанын білмеймін, әртүрлі нөмірлер. Олар олай істеуді сұраған жоқ. Бірақ адамдар маған қоңырау шалып, қорқытып, жаман сөздер айтты, "өліммен қорқытты" деді. Мен 9 қарашадан кейін Бишімбаевтарды телефонымда қара тізімге енгізіп қойдым", - деді көріпкел әйел.