11 мау, 2022 сағат 13:06

Мемлекет басшысы бірнеше заңға қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы:

  • "1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы";
  • "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы";
  • "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық  жәрдем  көрсету  туралы  келісімді ратификациялау туралы";
  • "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды