Закиржан Кузиев Қазақстан Халқы ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында хабарланды.
ОСК мәліметінше, Кузиев 60,94 пайыз дауыс жинаған. Ал оның оппоненті Виталий Тварионас 30,12 пайыз дауыс жинады. Сайлаушылардың 5,88 пайызы бәріне қарсы дауыс берген.
Айта кетейік, бұған дейін Закиржан Кузиев ассамблея төрағасының орынбасары қызметінен босатылған еді.
Ол 1969 жылы 30 қаңтарда Алматыда туған. "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС бас директоры және "Универсал" ЖШС президенті болған.
Еске салсақ, Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында Мәжілістің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берген еді.
963 рет оқылды