Фото: Әділет министрлігі
ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Алматы қаласындағы мәйтханалардың бірінде болған некрофилия жағдайына түсінік берді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Kazinform-ға сілтеме жасап.
Өткен аптада Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінген еді.
Қазіргі таңда Алматы қаласы ПД Әуезов ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 314-бабы 2-бөлігі бойынша 1980 жылы туған азаматқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
«Алайда, бұл азамат сот-сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасында тұрмағанын атап өткен жөн. Яғни, ол әділет органдарының қызметкері емес. Шартқа сәйкес, мәйітхананы қорғауды „Аят Секьюрити“ ЖШС жүзеге асырды, бұл азамат аталған ЖШС атынан мәйітхананың күзетшісі болып жұмыс істеген», — деді Т. Уәли министрлік ұйымдастырған брифингте.
Сонымен бірге, спикер күзет компаниясының алдағы тағдыры туралы айтып берді.
«Бұл компаниямен алдағы уақытта құзырлы органдар тиісті жұмыс жүргізеді, күдіктінің бұл компанияға қалай келгені, психиатриялық есепте тұрған-тұрмағаны тексеріледі. Егер заң тарапынан бұзушылықтар анықталса, компаниямен жұмыс тоқтатылады», — деп толықтырды ол.