ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Едігеұлы Шоранов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Марат Шоранов 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығын, Эмори университетін бітірген.
2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2017-2019 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басшысы.
2019 жылы - Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.
2020 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
812 рет оқылды