Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Онда куәгерлердің бірі бармен болып жұмыс істеген Абылайхан Ерденов Бишімбаевтың қолында пышақ болғанын айтты деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Куәгердің сөзінше қылмыс жасағаннан кейін Қуандық Бишімбаев қолына пышақ алып, өзін өлтірмек болған.
"Сағат 19.00 шамасында Байжанов телефоныма хабарласып, BAU мейрамханасына көтерілуімді сұрады. Не үшін екенін білмеймін, "Тез көтеріл" деді. Мен бірден сол жаққа бардым. Лифтке кірсем, жедел жәрдем болды. Қуандық Уәлиханұлы қолына пышақ ұстап жүрді. Ол дәретхана жаққа пышақпен кіріп кетті. Біз қатты қорқып кеттік, артынан ердік. Одан пышақты алып, полиция келгенше күттік. 15-20 минутта полиция келді", - деді куәгер Ерденов.