Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, - деп хабарлады "Ұлт ақпарат".
Депутат Нәзилә Раззақтың айтуынша, бұл заң жобасы тікелей Президент тапсырмасы бойынша дайындалған.
«Ұсынылып отырған тағы бір маңызды түзетулердің бірі – автокөлікті қайталап немесе бірнеше рет мемлекеттік нөмірсіз басқарғаны үшін, сондай-ақ автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікті күшейту. Мысалы, бұрын тек айыппұл салынатын болса, енді жүргізушіні 1 жылға куәлігінен айыру және 5 тәулік қамауға алу қарастырылып отыр», – деді Мәжіліс депутаты.