11 мау, 2022 сағат 18:52

Қоғамдық және сарапшылар ортасынан басқарушылардың жаңа толқыны келе бастады – Қарин


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 3 жыл ішінде басқару блогын жаңа кадрлармен толықтырудың тиімді арналарының біріне айналды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин телеграм каналында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы уақыт ішінде Ұлттық кеңестің 10 мүшесі Парламент депутаты және 2 өкілі министр болды. Міне, бүгін Ұлттық кеңестің тағы бір мүшесі – Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі. Бұл тағайындаулар қоғамдық және сарапшылар ортасынан басқарушылардың жаңа толқыны келе бастағанын көрсетеді», - деп жазды Ерлан Қарин.