Келесі айда Қазақстанда Армия халықаралық ойындары барысында өтетін артиллериядан оқ ату шеберлері конкурсы басталады. Бұл конкурста түрлі елдердің әскери қызметшілері минаатқыш кешенінен, пулеметтен, граната атқыш, сондай-ақ автоматтан оқ ату тапсырмаларын дәл әрі нақты орындап жарысатын болады, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Осы орайда конкурстың шарттары мен ерекшеліктері жайлы ҚР Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Асқар Жоламанов айтып береді.
«Биыл алтыншы рет біздің Қазақстанда артиллериялық оқ ату шеберлері конкурсы өтуде. Ол біріншіден, біздің Жамбыл облысы Қордай ауданы, Гвардиский оқу-жаттығу полигонында өтеді. Ашылу салтанатын 13 тамызда өтеді және де 23 аяқталуы. Он күн ішінде осы сайысты өткізуге дайындалып жатырмыз. 12 команда қатысады, оның 11-і шетел командалары. Көбінесе бұрынғы Кеңес одағының аумағынан келетін командалар: Армения, Әзербайжан, Ресей. Алыс шетелдерден қатысатын Ветьнам командасы, биыл екінші рет қатысайын деп отыр. Тағы да Венесуэла мемлекетінен келмекші. Сирия, Зимбабва - алыс шалғайдан келетін командалардың бірі. Биыл дайындығымыз жақсы. Осы конкурсымызды ойдағыдай өткіземіз деп ойлаймыз.
Бұл конкурстың әділ өтуін бас төреші қамтамасыз етеді, біздің мемлекеттен тағайындалған. Мұның өтуіне негізделетін алдын-ала нұсқаулық жасалған. Бұл нұсқаулықта барлығы алдын-ала көрсетілген. Қалай өтеді, қандай қару-жарақ пен қандай оқу-жаттығуларға, қай уақытта қандай балл берілетіні, оған қарамастан шешім ортақ қабылданады. Бұл үшін әр командадан төреші тағайындалады. Мысалы, 12 команда қатысатын болса, 12 төреші болады. Барлық шешім ұжымдық түрде қабылданады. Әрине, конкурс болғаннан кейін командалар арасында спорлар болуы мүмкін. Соны әділ шешу үшін әр трассада, әр оқу-жаттығу жүретін жерлерде бейнекамералар орнатылған. Егер келіспеген жағдайлар болып жатса, онда сол бейнебақылауды қайтадан көріп, анықтап, дұрыс шешім қабылдауға төрешілерге негіз болады», – дейді генерал-майор Асқар Жоламанов.
Оның айтуынша, Қазақстан командасы үш кезеңнен дайындығын өткен. Яғни әскери конкурсқа сақадай сай деген сөз.
«Бірінші кезең бөлімше мен әскери құрылымдардың арасында ең жақсы деген минометтік бөлімшелер анықталып алады. Екінші кезеңде өңірлік қолбасшылық арасында және десанттық шабуылдар әскерлерінің арасында өткізіледі. Одан да ең үздік деген бөлімшелер анықталып, үшінші кезеңде біз Құрлық әскерлерінің арасында осындай сайыс өткізіп, ең үздік деген минометтік бөлімшелерді алып, Қазақстан құрамасының негізін құрайтын команда жасақталды. Сондықтан неше кезеңнен өткен әскери минометшілер біліктілігін, жақсы дайындығын осы сайыста көрсетеді деп сенеміз.
Мұндай әскери ойындарды өткізу Қарулы күштер үшін қаншалықты пайдалы?
Бұл ойындар керек деп санаймын. Өйткені, осы артиллериялық оқ ату конкурсы біріншіден, біз келген мемлекеттердің арасында өз тәжірибемізбен алмасамыз. Дайындық барысында да өздерінің шеберліктерін нығайтады. Бұдан басқасы халықаралық ынтымақтастық, достық қарым-қатынас, тәжірибе алмасу, т.б жақсы нәтижелер бар. Сондықтан бұл ойын керек және біздің әскери қызметшілердің біліктілігін жоғарылатуға әсері бар», – дейді ҚР Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Асқар Жоламанов.