26 қар, 2024 сағат 11:58

Қызметкерлерінің сыйақысын жымқырған: Түркістанда «Ветеринарлық қызмет» басшысы сотталды

Фото: Pexels.com

Облыстық ветеринария басқармасының «Ветеринарлық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы аудандық ветеринариялық қызметтердің 115 қызметкеріне сыйақы ретінде төленген жалпы сомасы 5,5 млн теңгені жинау арқылы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Сот үкімімен Б. Бегмановқа 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.