16 нау, 2021 сағат 15:23

ҚАЖК мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, егу жұмыстарын қылмыстық-атқару жүйесінің барлық аумақтық департаменттерінде жүргізу жоспарланып отыр. 

1 ақпаннан бастап Қазақстанда «Спутник V» вакцинасын пайдалана отырып, халықты коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакциналау басталды.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес жұқтыру қаупі жоғары, әсіресе вирус жұқтыруға және оның таралуына бейім адамдардың тізімі анықталды.

Қазіргі уақытта осы науқанды халықтың тіркелу тізілімі шеңберінде ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын жұқтыру қаупі басым тобы арасында өткізу мәселесі пысықталуда.

Вакцина егілетін алғашқы мекеме астаналық қоныс-колониясы, яғни Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/10 мекемесі болды. Вакциналау жұмыстары 9 наурызда басталды, осы кезеңде 100-ге жуық сотталған адамға вакцина сәтті салынды, 60 адам препаратты қабылдаудан бас тартты.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарының ҚАЖ жеке құрамы вакцина алды, қалған ҚАЖ департаменттері вакциналауды өткізу кестесіне сәйкес алады.

Егілетін адам өз еркімен келісімге немесе егуді жүргізуден бас тарту парағына қол қояды. Процедура 21 күндік аралықта 2 кезеңнен тұрады.

COVID-19-ға қарсы вакциналау іс-шарасы алдында міндетті түрде егілетін адамды медицина маманы қарайды, міндетті түрде термометрия жүргізіледі және егілетін адамда аллергиялық реакциялардың, созылмалы аурулардың болуы тексеріледі. 

Жіті вирусты инфекциялық және инфекциялық емес аурулар болған жағдайда үдемелі созылмалы аурулары және аллергиялық реакциялары бар науқастарға вакцинация жасалмайды.

Егілген адамдар 30 минут бойы медициналық бөлімде бақылауда болады. Медицина қызметкерлері мен ҚАЖ қызметкерлерін вакциналау Полиция департаменттерінің емханаларында, күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды вакциналау пенитенциарлық жүйе мекемелерінің медициналық бөлімдерінде жүзеге асырылады.

Елімізде барлығы 80 мекеме жұмыс істейді, онда ұсталатындардың саны шамамен 32 мың адамды құрайды.