14 мам, 2021 сағат 17:55

Қазақстан өңірлерінде вакцинаның қанша дозасы бар?


Қазақстанда 1 790 356 адамға коронавирус вакцинасының бірінші компоненті егілді. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Вакциналау тақырыбына тоқталсақ, Қазақстанда 1 790 356 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 722 504. Бүгінгі таңда аймақтарда 798 мың дозадан астам вакцина бар», - деді Смағұл. 

Оның айтуынша, қажеттілікті ескере отырып, егу пунктерінің артып келеді. 

Бұдан бұрын 14 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

«Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары орналасқан.