Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған ресми кездесуден кейін үстел теннисін ойнады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Bort N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Бүгінгі ресми шаралардан кейін Қазақстан мен Түркия президенттері үстел теннисін ойнады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барған болатын. Түркия астанасы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлға күтіп алды.
Кездесу барысында екі ел басшылары бірнеше құжатқа қол қойды. Сонымен қатар, Тоқаев Ердоғанды Қазақстанға шақырды.