24 мам, 2024 сағат 12:01

"Қайталанса, полиция шақырамын": Назым Қаһарман балаларына келгіштеп жүрген Бишімбаевтың туыстарына мәлімдеме жасады


Фото: Бейнежазбадан


Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы қайын жұрты жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» KYN.KZ порталына сілтеме жасап.


"Балалар 18 жасқа дейін сіздердің сөздеріңізді, пікірлеріңізді тыңдамайды. Егер қаласаңыздар, қазірден бастап арыз жазыңыздар, сосын біз қарым-қатынас құралын белгілейік. Егер қаламасаңыздар өздеріңіз біліңіздер! Балаларымды дүние-мүлік үшін жібергім келмейді.18 жасқа дейін қалағандарыңды істетіп, оларға дүние бергендерің керек емес. Жоқ-жоқ. Мен қазір сіздермен сөйлескім келмейді. Қаласаңыздар адвокат жіберіңіздер. Талап-қызметтер жайлы сөйлесейік. Енді тағы осылай қайталайтын болсаңыздар полиция шақырамын!" – деді ол.