16 қаз, 2023 сағат 16:57

Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үйді мемлекетке берді

Фото: видеодан кадр

Қайрат Боранбаев Астана орталығындағы 4 жұлдызды қонақ үйді мемлекет меншігіне тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚМА тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдап жатыр.

Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуық. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастырумен әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыстар жалғасып жатыр.