Алаяқтық жасағаны үшін екі жыл бойы іздеуде жүрген ақтөбелік Ресейде қолға түсті, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Ақтөбе облыстық полиция департаменті 2018 жылдан бері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Қазіргі кезде оны Ресейден Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
«Сондай-ақ, алаяқтық жасап сотталған тағы бір ақтөбелік Алматы қаласына қашып кеткен. Сот үкімі онлайн шыққан соң ол жасырынып қалған. Ақтөбе облысының полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген он қылмыскерді ұстады. Олардың төртеуіне өткен жылдары іздеу жарияланған. Криминалдық полиция сот төрелігі органдарынан жасырынған және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді және одан әрі жалғастырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.