25 қыр, 2019 сағат 12:51

ICAO Қазақстанды авиациялық қауіпсіздіктегі нәтижесі үшін марапаттады

Авиациялық қауіпсіздік саласындағы жоғары нәтижелері үшін ICAO Кеңесі президенті Қазақстанды марапаттады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Бүгін Монреаль қаласында (Канада) Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) мерейтойлық ассамблеясында 190-нан астам елдің арасында алғаш рет ICAO Кеңесі президенті атынан авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сертификатты тапсыруға ұсынылды. Бұл Сертификат ICAO-ның »No Country Left Behind« (бірде-бір ел назардан тыс қалмайды) жаһандық бастамасын қолдау мақсатында тағайындалды. Мұндай марапат үшін елдерді іріктеу критерийлері ICAO-ның арнайы комиссиясы айқындайтын бағалаудың авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді дамыту саласындағы мемлекет қызметінің соңғы жылдардағы нәтижелеріне негізделген», делінген хабарламада.

Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыруда қол жеткізілген жетістіктер мен айтарлықтай ілгерілеушілікті ескере отырып, Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары марапатымен бағаланды. Осындай марапатты алу үшін соңғы жылдары ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті авиациялық қауіпсіздікті дамыту саласында жүргізіп келе жатқан үлкен жұмыс негіз болғанын атап өткен жөн.

Атап айтатын болсақ: - 2017 жылдың қараша айында өткен ICAO аудитінің жоғары нәтижелері. Аудит нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының деңгейі 83% құрады. 2009 жылғы аудитпен салыстырғанда прогресс 21% құраған - бұл авиациялық қауіпсіздіктің әлемдік орташа көрсеткіштен 11% жоғары (72%);

- заңнаманы жақсарту және авиациялық қауіпсіздік саласында ICAO стандарттары мен ұсынылатын практикасын уақтылы енгізу. «Авиациялық қауіпсіздіктің ұлттық бағдарламасы» Үкімет қаулысымен әзірленді және бекітілді, онда авиациялық қауіпсіздік саласындағы ICAO-ның барлық соңғы стандарттары енгізілген. 2018-2019 кезеңінде ҚР Үкіметінің 3 қаулысы және авиациялық қауіпсіздік бойынша министрдің 8 бұйрығы қайта өңделді және өзгертілді;

- шет мемлекеттермен тиімді өзара іс-қимыл және ынтымақтастық. ICAO «No Country Left Behind» (бірде-бір ел назардан тыс қалмайды) бастамасы шеңберінде азаматтық авиация комитеті көрші елдердің авиациялық биліктерімен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас жасауда.

2017-2019 жылдар кезеңінде Грузия және Өзбекстан өкілдерімен авиациялық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар сәтті өткізілді, Тәжікстан өкілдеріне ICAO аудитіне дайындық бойынша консультациялық көмек көрсетілді. Тұрақты негізде Орталық Азия және Кавказ елдерінің өкілдері Азаматтық авиация комитетінің бастамасымен Алматы қаласында орналасқан авиациялық қауіпсіздік бойынша ICAO-ның оқу орталығында білім алу және біліктіліктерін арттыру.

- ICAO аймақтық бюросы аясында авиациялық қауіпсіздік бойынша өткізілетін халықаралық конференциялар мен семинарларға белсенді қатысу. Бұл авиациялық қауіпсіздікті жетілдіру үшін елдің авиациялық билік орындары жүргізетін қызметтің аз ғана бөлігі.

Айта кетерлігі, ICAO Ассамблеясы тәуелсіз орган және ICAO Кеңесі үш жылда кемінде бір рет шақырылады. Ассамблеяға ICAO-ға мүше барлық мемлекеттер (193 ел) және бірқатар халықаралық ұйымдар қатысып, алдағы жылдардағы азаматтық авиация саласындағы жаһандық саясат анықтайды. Әрбір мемлекет Ассамблеяның қарауындағы мәселелер бойынша бір дауыс беруге құқылы және осы сессиялардағы шешімдер қатысушы елдердің көпшілік дауысымен қабылданады.