Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесі жұмысын аяқтады.
Осыған қарай ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, елімізде алғаш рет өткен халықаралық шараны қорытындылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгін біз көптеген түрлі пікірлерді, тіпті осы сессия барысында өткір сөз сөйлеулерді де естідік. Біздің барлығымыз да ұйымдастырушылармен бірге қатысушылар арасында диалог орнату үшін барынша қолайлы жағдай жасауға ұмтылдық. Соның арқасына сенім мен серіктестікті жолға қоюға болады. Бір кеңеспен мемлекеттер, өңірлер арасындағы барлық текетіресті алып тастау мүмкін еместігі түсінікті де. Алайда, қалай десек те біз бірлескен күш-жігерімізбен барлық серіктестерімізге көмектесуге тырыстық», - деді Мәжіліс спикері.
Оның атап өтуінше, бүгінгі кеңеске қатысқан барлық өкілдер парламенттік дипломатия диалогының маңыздылығын жете түсінген.
«Біз қабылдаған қорытынды мәлімдемеде »Еуразияда диалог, сенім және серіктестік болуы тиіс« деген ортақ пайымымызды білдіреміз. Мұны біздің халықтарымыз күтіп отыр. Біз толыққанда сессия өткіздік», - деді Мәжіліс төрағасы.
Нұрлан Нығматулинннің атап өтуінше, кеңес барысында жиынға қатысушылар түрлі салалардағы көпжақты жобаларды жүзеге асыру барысын талқылап. оларды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасты.
«Меніңше, бүгін Парламент спикерлері жария еткен бастамалар мен ұсыныстар Еуразия мемлекеттерін серіктестіктің жаңа деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді және бүкіл еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен бірлікті қалыптастыруға септігін тигізеді», - деді ол.