Елордалық мониторинг тобы карантиндік шектеу шараларын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Есіл ауданында 5 ақпан күні мониторингтік топ белгіленген жұмыс тәртібін бұзған 2 қоғамдық тамақтану орнын анықтады: «Wall Street Restaurant» мейрамханасы және «The Wine Cafe» шарап бары.
Алматы ауданында 4 мекеме карантин режимін бұзды: NE Bar, «Шишка» Lounge Bar, «Ragnarok» компьютерлік клубы, «Алания» түнгі клубы.
Байқоңыр ауданының мониторинг тобы 4 кәсіпкерді карантин шараларын бұзды деп айыптады. Сонымен, үйлестіру орталығына «Какие люди» ресто-бары және «ШАШЛЫКОFF» гриль-бары жұмыс режимін сақтамағаны туралы хабарлама жолданды. Сондай-ақ, бұл тізімде Zara және ZAZA түнгі клубтары бар.
Сарыарқа ауданында сағат 22.00-ден кейін Nirvana, Chili Gril, «Угол» барлары жұмыс істеген, ал Basilic кафесінде келушілер саны белгіленген нормадан асып кетті. Jax ойын клубы жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан жұмысын жалғастырған.
Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.