28 қаз, 2021 сағат 09:35

Дәрігер Айна Бакеева сот үкімімен 10 тәулікке қамалды


Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. 

Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды. 

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Еске сала кетейік, екі күн бұрын желіде астанадағы №58 мектепте 3-сынып оқушысына дәретханада жасырын вакцина салынғаны туралы видео тараған еді. 

Видеодан Айна Бакееваның жанындағы әйелдермен бірге мектепке баса-көктеп кіргенін көруге болады. 

Онда балаларға ата-анасына айтпай вакцина салынып жатқаны сөз болады. 

Кейіннен мектеп басшылығы мен баланың анасы ондай жағдайдың болмағанын, видеоның провокация екенін мәлімдеді.