Фото: Polisia.kz
Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар күдікті әйелді анықтап, ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті танымал хабарландыру қосымшасында қымбат смартфондарды арзан бағада сату туралы жалған ақпарат жариялаған.
Атап айтқанда, iPhone 17 Pro Max телефонын нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен – 45 мың теңгеге сататынын көрсеткен. Тиімді ұсынысқа сенген қала тұрғындарының бірі "сатушымен" байланысып, көрсетілген шотқа ақшаны аударған. Алайда қаражатты алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан.
Күдіктінің осыған ұқсас тәсілмен жасалған 4 алаяқтық дерегіне қатысы бар
екені анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
