13 мам, 2024 сағат 12:27

Бишімбаев ісі: Судья мен алқабилер кеңесу бөлмесіне кетті


Фото: @Jogargy_sot


Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып жатқан Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша қылмыстық процесі аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».


Судья Айжан Құлбаева алқабилерге арналған сұрақтар тізімін жариялады.


Судья мен алқабилер дауыс беру және үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.