28 нау, 2026 сағат 12:55

Бақбақ та, қызғалдақ та: Қазақстанда гүл жұлғандар 13 миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін


Фото © Турар Казангапов


Көктем басталысымен Қазақстанда гүлдер мен түрлі өсімдіктер жаппай гүлдейді. Алайда олардың кейбірін жұлу қазақстандықтарға өте қымбатқа түсуі мүмкін, деп хабарлайды Ult.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің 387 түрі енгізілген. Оның ішінде дәрілік өсімдіктер де бар. Бұл өсімдіктерді жұлуға, зақымдауға немесе сатуға қатаң тыйым салынған.


Сирек өсімдіктердің қатарында бақбақтың кейбір түрлері, жусан, бұйра лалагүл, мамыр меруертгүлі және қызғалдақтың ондаған түрі бар. Атап айтқанда, Альберт, Грейг, Кауфман, Регель және Шренк қызғалдақтары ерекше қорғалатын өсімдіктер қатарына жатады.


Қылмыстық кодекске сәйкес, мұндай өсімдіктерді заңсыз жұлу немесе жинау аса ауыр құқықбұзушылық болып саналады. Мұндай әрекет үшін 3 000 айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 2026 жылы шамамен 13 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Сонымен қатар түзету жұмыстары, бас бостандығын шектеу немесе 3 жылға дейін түрме жазасы да қарастырылған.


Министрлік азаматтарға жабайы өсімдіктерді тек жеке пайдалану үшін және тек заңмен рұқсат етілген түрлерді ғана жинауға болатынын ескертті. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді жұлуға толық тыйым салынған.


Айта кетейік, бұған дейін министр Ерлан Нысанбаев бәйшешек жұлғандар да қатаң жазаға тартылуы мүмкін екенін айтқан болатын.