Фото: © Sputnik / Абзал Калиев
Атырау қаласындағы №4 емхананың директоры аса ірі мөлшерде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Облыс прокуратурасының үйлестіруімен №4 "Атырау қалалық емханасы" ШЖҚ КМК директоры аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлады деген күдікпен ұсталды. 24 қазанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Тергеу мүддесіне сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.мСонымен қатар Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.