Атырау облысында сақтау, тіркеу ережелерін бұзған 100-ге жуық тұрғынның қаруы тәркіленді, деп хабарлайды Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.
4 ақпаннан бері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
«Тек 3 күнде 2 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексерілді. Нәтижесінде 100-ге жуық тұрғынның қаруды сақтау, тіркеу, тасымалдау ережесін бұзғаны анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үйінде сақталған қаруы тәркіленді» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Заңсыз айналымнан бес қару анықталып, баллистикалық сараптама тағайындалды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулықтар полицияға 40-қа жуық қару мен 100-ден астам оқ-дәріні тапсырған болатын.