30 сәу, 2024 сағат 17:27

Астанада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды


Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов


Мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Астана прокуратурасына сілтеме жасап.


Елорда прокуратурасы тексеру қорытындысы бойынша мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады.


"7 жыл бойы жоқ мектеп қызметкерлеріне жалақы мен сыйақылар заңсыз аударылған. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 130 миллион теңгеден астам. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады. Сот үкімі бойынша, кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - делінген хабарламада.


Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандардан өндірілгені айтылды. Үкім заңды күшіне енді.